26
July
2022
тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Привокзальная the outside 10 үй.
Пошталық мекен – жайы: detskysad_21@mail.ru, detskysad_21@mail.kz.
Телефон нөмірі: 8(7262) 46-16-59.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№21 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші, қазақ тобына, уақытша.
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 90000 ( тоқсан мыңнан жоғары).
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
- Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;
- Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс – шараларды үнемі мед.бикемен бірлесе атқарады;
- Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу – тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
- Оқу іс – әрекетіне жан – жақты дайындалады;
- Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;
- Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады;
- Балабақша меңгерушісі мен мед.бикеге баланың денсаулығының өзгерістері жайлы дер кезінде хабарлайды. Балалардың қатысу табелін жүргізеді;
- Балабақшаджа жүргізілетін аурудың алдын – алу егулері жайлы ата – аналармен жұмыс жүргізеді;
- Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;
- Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
- Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс – тәжірибесін ендіреді;
- Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Біліктілік тестілеу сертификаты;
- Біліктілігін арттыру сертификаты;
- Түйіндеме.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 26.07. – 02.08.2022 ж.