КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ жүзу инструкторы
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Привокзальная the outside 10 үй.
Пошталық мекен – жайы: detskysad_21@mail.ru, detskysad_21@mail.kz.
Телефон нөмірі: 8(7262) 46-16-59.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№21 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Бос лауазым атауы: жүзу инструкторы
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 149000 (бір жүз қырық тоғыз мың) теңге.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүзу бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
- дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылымизерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
- денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
- дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
- ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді; оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Жүзу инструкторы», жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-Біліктілік тестілеу сертификаты;
-Біліктілігін арттыру сертификаты;
- Түйіндеме.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 26.10.2024ж. – 04.10.2024 ж.