Ойын іс әрекеті » №21 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№21 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-00-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-16-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2025

Ойын іс әрекеті

Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар


1. Түйме салу және түйме ағыту


Балалар киімдегі түймелерді салып-ағыту арқылы саусақ бұлшықеттерін жаттықтырады.

Пайдасы: саусақтарды дәл қимылдату, назарын дамыту.


2. Моншақ тізу


Ірі моншақтар мен бау беріп, тізуді сұраңыз.

Пайдасы: көз-қол координациясы, шыдамдылық.


3. Пластилин немесе қамыр илеп ойнау


Доп, шұжықша, жұлдызша сияқты қарапайым пішіндер жасауды ұсыныңыз.

Пайдасы: қол бұлшықетін нығайтады.


4. Қыстырғыштармен (прищепка) ойын


Қыстырғыштарды түрлі түсті карточкаларға іліп қою.

Пайдасы: саусақ күшін дамытады.


5. Суға арналған ойындар


Су құю, қасықпен су тасу, губкамен суды сығу.

Пайдасы: қолдың еркін қимылын, дәлдігін жақсартады.


6. Дәндерді сұрыптау


Бұршақ, жүгері, фасоль сияқты ірі дәндерді түстері немесе түрлеріне қарай бөлу.

Пайдасы: зейін мен ұсақ моторика.


7. Сурет салу (саусақпен, қылқаламмен, тіс шұқығышпен)


8. Пазл құрастыру


Ірі бөлшектерден бастап, біртіндеп ұсақ элементтерге көшу.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив