мұғалім-логопед уақытша лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » №21 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№21 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-00-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-16-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » мұғалім-логопед уақытша лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
08
декабрь
2022

мұғалім-логопед уақытша лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Привокзальная көшесі 10 үй.
Пошталық мекен – жайыdetskysad_21@mail.rudetskysad_21@mail.kz.
Телефон нөмірі: 8(7262) 46-16-59.
Мекеме атауы:   «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№21 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Уақытша бос лауазым атауы: логопед, қазақ тобына, уақытша бала күтіміне кеткен қызметкердің орнына.
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 140000 ( жүз қырық мың) теңге.
Негізгі функционалдық міндеттері:
  1. Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.
  2. Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
  3. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.
  4. Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді.
  5. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
  6. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
  7. Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
  8. Кәсіби біліктілігін арттырады.
  9. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.
  10. Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
  11. Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
  12. Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
  13. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
  14. Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша  «Логопед»,  жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
-«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы   туралы анықтама;
-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-Біліктілік тестілеу сертификаты;
-Біліктілігін арттыру сертификаты;
  • Түйіндеме. 
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 08.12. – 16.12.2022 ж.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив