КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Привокзальная көшесі 10 үй.
Пошталық мекен – жайы: detskysad_21@mail.ru, detskysad_21@mail.kz.
Телефон нөмірі: 8(7262) 46-16-59.
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№21 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».
Уақытша бос лауазым атауы: логопед, орыс тобына, уақытша бала күтіміне кеткен қызметкердің орнына.
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 140000 ( жүз қырық мың) теңге.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.
- Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
- Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.
- Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді.
- Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
- Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
- Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
- Кәсіби біліктілігін арттырады.
- Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.
- Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
- Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
- Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
- Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Логопед», жоғары білімді.
Құжат тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
-«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
-Наркологиялық ұйымнан анықтама;
-Біліктілік тестілеу сертификаты;
-Біліктілігін арттыру сертификаты;
- Түйіндеме.
Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 22.02. – 02.03.2023 ж.