жүзу инструкторы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » №21 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№21 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-00-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-16-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » жүзу инструкторы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
01
август
2024

жүзу инструкторы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Привокзальная көшесі 10 үй.

Пошталық мекен – жайы: detskysad_21@mail.rudetskysad_21@mail.kz.

Телефон нөмірі: 8(7262) 46-16-59.

Мекеме атауы:  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№21 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».

Бос лауазым атауы: жүзу инструкторы 

Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 149000 (бір жүз қырық тоғыз мың) теңге.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; 
  •  үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүзу бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады; 
  • дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылымизерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
  •  денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; 
  • дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
  • ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді; арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді; оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді. 

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша  «Жүзу инструкторы»,  жоғары білімді.

Құжат тізбесі:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;

-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы   туралы анықтама;

-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

-Наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Біліктілік тестілеу сертификаты;

-Біліктілігін арттыру сертификаты;

  • Түйіндеме. 



Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 01.08.2024ж. – 09.08.2024 ж.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив