тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » №21 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№21 бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-00-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-16-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
04
октябрь
2023

тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Привокзальная көшесі 10 үй.

Пошталық мекен – жайы: detskysad_21@mail.rudetskysad_21@mail.kz.

Телефон нөмірі: 8(7262) 46-16-59.

Мекеме атауы:   «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  «№21 бөбекжай – бақшасы» МКҚК».

Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші, орыс тобына.

Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 149000 (бір жүз қырық тоғыз мың) теңге.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
  • Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;
  • Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс – шараларды үнемі мед.бикемен бірлесе атқарады;
  • Балабақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу – тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
  • Оқу іс – әрекетіне жан – жақты дайындалады;
  • Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;
  • Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады;
  • Балабақша меңгерушісі мен мед.бикеге баланың денсаулығының өзгерістері жайлы дер кезінде хабарлайды. Балалардың қатысу табелін жүргізеді;
  • Балабақшаджа жүргізілетін аурудың алдын – алу егулері жайлы ата – аналармен жұмыс жүргізеді;
  • Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;
  • Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
  • Балабақшада өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс – тәжірибесін ендіреді;
  • Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады.                           

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,  жоғары білімді.

Құжат тізбесі:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

-Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;

-Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

-«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы   туралы анықтама;

-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

-Наркологиялық ұйымнан анықтама;

-Біліктілік тестілеу сертификаты;

-Біліктілігін арттыру сертификаты;

  • Түйіндеме. 



Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 04.10. – 12.10.2023 ж.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив